- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қашаған кен орнында...
Қашаған кен орнында мұнай төгілді ме? Министр түсінік берді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашаған кен орнында мұнай төгілді деген ақпаратты растамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қашаған кен орнындағы теңіз кешенін іске қосқаннан бері мұнай төгілмеген. Қазір біз бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Ғарыштан түсірілген суретке талдау жасаудамыз. Ол нақты жағдайды көрсетпей отыр. Яғни ол табиғи құбылыс болғанын көрсетеді. Қазір барлық акваторияда судан сынама алынып жатыр. Қазіргі кезеңде ол мұнайдың төгілгенін растамай отыр. Онда экологтар да жұмыс істейді", - деді Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында.
БАҚ өкілі "Сіз немесе басқа маман тікұшаққа отырып, мұнай төгілген аумақты көрдіңіз бе?" деп сұрақ қойды.
"Облыстағы экология департаменті тікұшақ сұраса, біз бұл мүмкіндікті қамтамасыз етеміз деп ойлаймын. Бүгінде су көлігінің көмегімен судан сынама алынды. Жұмыс процедураға сәйкес жүргізілді", - деді министр.
Еске салайық, биыл 2 сәуірде "Глобус" экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының атқарушы директоры Галина Чернова Facebook-тегі парақшасында Қашаған кен орны маңында сұйықтық төгіліп жатқанын айтқан еді.
Экобелсенді ғарыштан түсірілген сурет "30.04 (02:43 UTC) Еуропалық Sentinel-1A спутнигінің радарлық суреті қазақстандық кен орны мен Қашаған мұнай өндіру учаскесі маңында төгіндігіні көрсетті" деп жазды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина