Қашаған кен орны уақытша жабылады

7 қазанда Қашаған кен орны жөндеуге жабылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қашағандағы жөндеу жұмыстары қарашаның басына дейін жалғасады.

"Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады", – делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстанның қайраңды мұнай-газ кен орны. Соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!