- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- KASE таңғы сессиясында...
KASE таңғы сессиясында доллар арзандады
Фото:
rabstol.net
22 желтоқсан күні KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 336,66 теңгеге тең болды.
Сауда 345 теңгемен басталды. Ең жоғары баға да осы. Ал ең төменгі баға − 333,15 теңге. Сауданың жалпы көлемі 146,75 миллион долларға жетті. Саудаға валюта нарығының 27 мүшесі қатысты.
Еске салайық, АҚШ-тың ашық нарықтардағы операциялар жөніндегі комитеті 10 жылдан бері бірінші рет ФРЖ мөлшерлемелерінің құнын 0-0,25-тен 0,25-05 пайызға дейін көтерген болатын. 2015 жылдың 21 желтоқсанындағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 349,12 теңге болды.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін