- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кәсібін 15 000...
"Кәсібін 15 000 теңгемен бастаған". Қызылордада шоколадты құрт дайындалады
Фото:
Автордан
Қызылордалық Нұрсұлтан Қалмағамбет небәрі 15 мың теңгемен бизнес бастаған. Оның цехында күн сайын 500 келі құрт дайындалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір шоколадқа малынған жеміс саудасы қызып тұр. Нұрсұлтан да трендтен қалыспай, шоколадты құрт жасауға ден қойды. Одан бөлек, түрлі-түсті әрі дәмді етіп шығарып жүр. "Qurtella" атауын алған өнімнің бір қорабы - 390 теңге.
"Жарты сағатта 20 қорабын әзірлеп үлгереміз. Цехта барлығы 5 адам жұмыс істейді", - деді ол.
Кейіпкеріміз сұраныстың көбейгенін, енді сиыр ұстайтын ферма ашқысы келетінін де айтты.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы