Кейінгі уақытта Қазақстанда алапат өрт сейілмей тұр. 3 қыркүйекте Қостанай облысындағы орманда өрт басталса, кеше, 7 қыркүйекте Алматыдағы Көктөбе телемұнарасының маңы өртке оранды. Одан бөлек, елдің шығысында да өрт болды. ШҚО-дағы Қатон-Қарағай ауданындағы Алтынбел ауылынан 8 шақырым жерде өрт болған. Өртті қасақана не абайсызда қойғандар қалай жазаланады? Massaget.kz тілшісі анықтады.
Қылмыстық кодексте бұл қылмыс түріне қатысты арнайы бап бар. 204-баптың 2-бөлігінде ("Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру") жаза қарастырылған. Яғни отпен немесе қауiптiлігі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекеттерге келесі жаза түрлері қарастырылған:
Айта кетейік, биыл 10 мамырда Риддерде өрт шығып, қалада төтенше жағдай жарияланған болатын. Орман өртінің жалпы ауданы 276,4 гектар, ал материалдық шығын 252 472 463 теңге болған еді. Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, өрт салдарынан 31 тұрғын үй жанып, 13 үй учаскесі аман қалған, бірақ 37 қосалқы ғимарат - бір көлік жөндеу шеберханасы, алты автокөлік және басқа да мүліктер жанып кеткен. Сонымен қатар, 83 адам үйсіз қалған, 2 адам қаза болған. Алапат өрт жарты тәуліктен соң сөндірілген.
От жағып, кетіп қалған: Қазақстанда биыл болған алапат өрттер
Кейінірек осы оқиғаға кінәлі ер адам сотталған. ШҚО соты мәліметінше, 1986 жылы туған К. отбасымен демалысқа шығып, от жағып, кейін ол тез тарала бастаған. Ер адам жалынды сөндіре алмай, қорқып, қылмыс орнынан кетіп қалған. Сот оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сондай-ақ, сот 15 талап арызды қарап, жалпы сомасы 125 378 367 теңге шығын өндірілген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!