Абай облысы Бестерек ауылында болған трагедия туралы тың ақпарат шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Информбюро 31" мәліметінше, 55 жастағы күдікті - осы ауылдың тумасы.
"Ұстамасы ұстағаннан кейін рөлге ие бола алмаған. Анам жанында болған. Оқыс жағдай, қас-қағым сәтте болған. Өте қайғылы жағдай болып жатыр. Көңіл айттық. Кешірім сұраймыз. Олар да жағдайға түсіністікпен қарап отыр. Ешкім де мұндай сынақпен сыналмасын", - дейді күдіктінің ұлы.
Еске салайық, 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмғаны хабарланды. Жүргізуші екі айға қамауға алынды.
Сонымен қатар, Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жеткізілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова