- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ІІМ туралы
Қарызын қайтармағаны үшін атқан: Шымкентте 52 жастағы ер адам ұсталды
ІІМ 2024 жылы хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеп жүрген 1949 күдіктіні ұстады:
Олардың ішінде: адам өлтіру бойынша – 43; қарақшылық шабуыл бойынша – 22; денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 37; зорлау бойынша – 6; тонау бойынша – 68; бопсалау бойынша – 21; ұрлық бойынша – 484; есірткі қылмысы бойынша – 91.
ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттер үшін 844 қылмыскер ұсталды. Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталды.
Қаңтардың басында Шымкентте жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 52 жастағы ер адам ұсталды. Ол былтыр қарашада қарызын қайтармағаны үшін 54 жастағы қала тұрғынын атқан.
Семейде полиция 35 жастағы ер адамды құрықтады. Ол 2023 жылы топпен бірге Алматыда қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан. Жедел қызметкерлер барлық күдіктіні ұстады. Олар 42 ұрлық эпизодына қатысы бар деп айыпталып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова