"Қарызым көбейіп кетті". Павлодарда кішкентай қыз үйіне әлдекімнің өлім алдында жазған хатын әкелген

VITA еріктілері кеше өздеріне бір әйелдің хабарласып көмек сұрағанын, оның қызы көшеден әлдекімнің шамамен өлім алдында жазған хатын алып келгенін айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Не істерімді білмеймін. Шарасыз күйге тап болдым. Менің кішкентай қызым көшеден қағаздарды алып келді. Бұл хаттарды велосипедпен жүрген бейтаныс адам берген. Бұл – өлім алдында жазылған мәтін. Учаскелік инспектор телефон тұтқасын алмайды",  - деген хабарласқан адам. 

Телефон соққан әйел Теміржолшылар кентінде тұрады екен және ол бұл хатты кім жазғанын анықтай алмай отыр. 

"Біз хаттың қашан жазылғанын және автордың қанша жаста екенін білмейміз, ол Теміржолшылар ауылында тұрмауы да мүмкін. Ер адамның оны қайдан тапқанын және неге кішкентай қызға бергенін де білмейміз. Әлеуметтік желіде табылған барлық Айнұр Р. деген қолданушыларға жаздық, бірақ ешқандай нәтиже жоқ", - дейді еріктілер.

Олар мұны полицияға хабарлаған және "Хаттың авторын біреу-міреу танып қалар, сол адамның қателікке жол беруіне тосқауыл қояды" деген ниетпен толық мәтінін жариялаған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!