"Қарызы 7 миллион теңгеден асқан". Павлодар облысында балаларына алимент төлемеген ана анықталды

"Қарызы 7 миллион теңгеден асқан". Павлодар облысында балаларына алимент төлемеген ана анықталды
Фото: depositphotos.com

Павлодар облысында полиция балаларына алимент төлемеген ананы тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД Көші-қон қызметінің басшысы Дәулет Ысқақовтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде алимент төлеуден жалтарған 91 адам анықталған.

"Борышкерлердің 7 көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Мысалы, ажырасқаннан кейін әке қызын тәрбиелеуге қатыспаған. 35 жастағы борышкердің қарызы 3,5 миллион теңгеге жеткен. Оны полицейлер Қарағанды облысының ауылдарының бірінен тапты", - деді Дәулет Ысқақов

Полиция дерегінше, алимент төлеуден әкелер ғана емес, аналар да жалтарады. Мысалы, 42 жастағы әйел кәмелетке толмаған 3 балаға алимент төлемеген. Осылайша, қарыз 7 миллион теңгеден асқан.

Бүгінде әйел анықталып, полицейлер онымен жұмыс жүргізіп жатыр.

Полиция алиментті уақытында төлемеген қазақстандықтар Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz