- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарызға ақша сұрауға...
Қарызға ақша сұрауға барған: Жетісайда көршісі үйде жоғын білген әйел қылмысқа барған
Фото:
Tengrinews/Тұрар Қазанғапов
Жетісайлық полицейлер жедел іздестіру іс-шарасы барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті әйел күндізгі уақытта көршісінің үйіне қарызға ақша сұрауға барған. Алайда үйдің есігі құлыптанбағанын, оның үстіне үй иесі жоғын байқап, жатын бөлмесіндегі шкафта тұрған бірнеше алтынды қолды еткен.
"Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге жуық шығын келтірген. Содан соң ұрланған алтындарды өз қажетіне жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова