Түркістан облысында полиция дүкеннен бірнеше телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сайрам ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен сауда орталығында болған ұрлық қылмысын ашты. Телефон мен қол сөмке ұрлаған 23 жастағы күдіктіні полиция дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.
Күдікті жігіт ұрлық қылмысын алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол таңғы сағат 04:00 шамасында дүкенге терезе арқылы кіріп, сатылымда тұрған төрт телефон мен қол сөмкені жымқырып, сатып жіберген. Ол бұл қылмысқа қарыздарынан құтылу үшін барған.
Полицейлер сатылып кеткен телефондарды анықтап, заңды иесіне тапсырды.
Қазіргі таңда күдікті жігіт қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!