Қарыз, өлім, күйреу: Түркістан облысында лудоманияға қарсы күрес қалай жүріп жатыр?

Кез келген затқа құмар болу жақсылыққа апармайтыны сөзсіз. Ал ойынға құмар болу тіпті құрдымға әкелуі мүмкін. Massaget.kz тілшісі Түркістан облысында бұл қасіретке қарсы күрес қалай жүргізіліп жатқанын анықтады. 

Құмар ойынға бас ұрғандар отбасынан, кәсібінен, жұмысы мен оқуынан айырылып қалып, кейбірі өзін қоймай, жақындарын, достарын да қарызға белшесінен батырады. Мәселен, Марат (есімі өзгертілген - еск.) отбасының жалғыз асыраушысы еді. Бір күні ол жұмыстан соң бәс тігеді. Кейін ол бұл қатерге қалай ұрынғанын түсінбей қалады. Салдарынан жаңа пәтерге жинаған ақшасынан, балаларының ақшасынан айырылған. Қиындыққа шыдай алмаған әйелі балаларын алып үйінен кетіп қалғанын айтты. 

Ақтөбелік тұрғын 17 жастағы баласының құмар ойындарға әуес болып, отбасын 280 миллион теңгеге қарызға кіргізгенін айтты. Оның айтуынша, 3 жыл өткенімен бала әлі де ойынға тәуелділіктен толық айықпаған.

elements.envato.com

Түркістан облысында лудоманияға (құмар ойындарға тәуелділікке - еск.) қарсы күрес бойынша бірқатар шара қолға алынған. Жалпы қазақстандықтар бұл мәселеге қатысты кейінгі жылдары қатты алаңдап отыр, өйткені лудомания отбасыларда ажырасу себептерінің арасында екінші орында тұр.

Мемлекет лудоманиямен күресу үшін бірнеше заңнамалық түзетулер енгізіп жатыр. Оның ішінде букмекерлік кеңселердің және онлайн-казинолардың жарнамасына тыйым салу, 25 жастан асқандарға ғана құмар ойындар ойнау. Сонымен қатар алимент төлемегендер мен банк қарыздарын өтемегендерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салу жоспарланып жатыр. 

Сонымен қатар Түркістан облысы да осы проблемаға назар аударып, тиісті шараларды қолдануда. 

Қабылданған шаралар:

  • Құмар ойындарға шектеу қою: Құмар ойындарды ойнау жасын 25-ке дейін көтеру ұсынылып жатыр. Бұл шара жастарды құмар ойындарға ерте жастан әуес болудан қорғауға бағытталған​;
  • Жарнамаға тыйым салу: Букмекерлік кеңселердің және онлайн-казинолардың жарнамасына тыйым салынбақ. Бұл шаралардың мақсаты - құмар ойындардың кең таралуын тежеу және халықтың осы ойындарға қызығушылығын азайту​;
  • Қарызға белшеден батқан адамдарға шектеу: Алимент төлемегендер мен банк қарыздарын өтемегендерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылып жатыр.

Жергілікті бастамалар:

  • Түркістан облысында жергілікті үкімет пен қоғамдық ұйымдар халықтың құмар ойындарға тәуелділігі мәселесін шешу мақсатында ақпараттық кампаниялар ұйымдастырып жатыр. Бұл кампаниялар арқылы халыққа құмар ойындардың зияны түсіндіріліп, көмек көрсету шаралары жүзеге асырылып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында 20 жастағы жігіт құмар ойынға салынып, сүйіктісінен 200 мың теңге қарызға сұраған. Қыз жігітке ақша беруден бас тартқанда ол қызды ваннаға батырып, ақшаны букмекерлерге аударған. 

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында былтыр бұл мәселеге қатысты аудан және қала бойынша жастар арасында жұмыс жүргізілгені айтылды. Оның ішінде үш жүз жиырма 327 психо-профилактикалық дәріс өткізіліп, 18 мыңнан аса жас қамтылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!