Қарыз аларда маңызды: несие тарихы қанша жыл сақталады?

Қарыз аларда маңызды: несие тарихы қанша жыл сақталады?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда әрбір қарыз алушының несие тарихы болады. Банктер немесе микроқаржы ұйымдары жаңа қарыз беру туралы шешім қабылдар кезде дәл осы мәліметке қарайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы несие бюролары және несие тарихын қалыптастыру туралы" заңға сәйкес қарыз алушы туралы ақпарат несие бюроларында 5 жыл бойы сақталады.

5 жылдық мерзім келісімшарт жасалған сәттен бастап емес, қарыз алушы туралы соңғы ақпарат түскен күннен бастап есептеледі:

  • Несие толық өтелсе: бес жылдық мерзім банк немесе микроқаржы ұйымы несие бюросына берешек жабылғаны туралы қорытынды жазбаны берген күннен бастап есептеле бастайды.
  • Несие немесе мерзімі өткен қарыз болса: қарыз туралы мәлімет жаңартылып тұрған жағдайда бес жылдық мерзім басталмайды.

Айта кетейік, несие бюроларындағы барлық мәлімет құпия қорғалған. Өз несие тарихыңызды өзіңіз ғана көре аласыз, ал қаржы институттары тек сіздің ресми келісіміңізбен көре алады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget