Қарыз - 50 млн теңге: Алматыдағы колледждердің бірінде студенттер стипендиясын ала алмай келген

Қарыз - 50 млн теңге: Алматыдағы колледждердің бірінде студенттер стипендиясын ала алмай келген
Фото: ЖИ

Алматыдағы колледждердің бірінде студенттер стипендиясын ала алмай келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының прокуратурасы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі студенттерінің құқығы бұзылғанын анықтады.  

"Студенттер мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған, жалпы қарыз 50 миллион теңгеге жеткен. Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылып, берешек толық өтелді, 676 студенттің құқығы қалпына келтірілді", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget