Қарындашпен көзін ойып алған. Балабақшада жантүршігерлік жағдай болды

Қарындашпен көзін ойып алған. Балабақшада жантүршігерлік жағдай болды
Фото: depositphotos.com

Мәскеу маңындағы балабақшалардың бірінде қайғылы жағдай болды. 4 жасар балабақша бүлдіршіні өз тобындағы қыздың көзін қарындашпен ойып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SHOT Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Подольск қаласындағы №34 мектеп жанынан ашылған балабақшада болған. Сурет сабағында 56 жастағы тәрбиеші басқа жұмысына айналып, балалар арасында болған жағдайды байқамай қалған. 4 жасар бүлдіршін сурет салып отырып, абайсызда жанында отырған қыздың көзін қарындашпен ойып алған. 

Нәтижесінде төрт жасар қыз ауыр жарақат алды. Көз алмасы түсіп, баланың көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмады. Жәбірленуші қазір ауруханада, оған екі рет ота жасалған.

Балабақшада тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу органдары қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин
Logotype Massaget