- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарумен қашқан сарбаз...
Қарумен қашқан сарбаз 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Ақтөбе гарнизонының әскери сотында өзіне сеніп тапсырылған қарумен әскери қызметін тастап, қашқындық жасау, автокөлікті айдап кету және қарақшылық жасау деректері бойынша (ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша) айыпталған қатардағы жауынгер Молдавскийге қатысты үкім жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта сотталушы қатардағы жауынгер "М" әскери қызметтің ауыртпалығына төтеп бере алмай, өзіне сеніп тапсырылған қызметтік қарумен әскери қызмет орнынан қашып кеткені анықталған.
Әрі қарай өз еркімен бөлімнен қашу кезінде жол жиегіндегі жәбірленуші "А"-ның басқаруындағы автокөлікті көріп, өзіне сеніп тапсырылған қарумен қорқытып, оған өзі көрсетілген бағытта жүруді талап еткен.
Көрсетілген жерге келгеннен кейін, сотталушы "М" "А"-ның сыртқы киімін иемденіп, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Оқиға болған күні сағат 13.00 шамасында қатардағы жауынгер "М"-ны әскери полиция қызметкерлері ұстаған.
Сотталушының кінәсі оның соталды тергеу барысында кінәсін мойындау түрінде процестік келісім жасауымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, жәбірленушілер және куәлардың айғақтарымен дәлелденді.
Сот үкімімен қатардағы жауынгер "М" ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сотталған адамнан жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова