- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарулы Күштерде арнайы...
Қарулы Күштерде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуы өтті
Қарулы Күштерде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуы өтті, - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлық бағыттарының бірі заңсыз қарулы құралымдарға қарсы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу болып табылады.
2016 жылғы қарашаның 1-і мен 3-і аралығында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында арнайы мақсаттағы бөлімшелермен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығудың мақсатына сәйкес өңірде содырларды дайындау лагері, сондай-ақ, оларға қаруды, оқ-дәрілерді, азық-түлік пен адами ресурстарды жеткізіп беру бағдарлары айқындалды.
Дағдарыстық ахуалды жою үшін арнайы мақсаттағы бөлімшелер дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік қолдану ауданына шығарылды.
Артиллериялық бөлімшелердің күшімен техника лектерін, қару мен оқ-дәрілерді сақтау қоймаларын атыспен жою ұйымдастырылды.
Қалған шартты содырлар қараусыз қалған ғимаратта қоршауға алынды. Келіссөздер өткізіліп, қаруды жинап тастаудан бас тартқаннан кейін заңсыз қарулы құралымдарға шабуылдау тобы шабуыл жасап, оларды жайратып салды.
«Аталған оқу-жаттығу әскери басқару органдарын практикалық тапсырмаларды шешуге дайындауға, жеке құрамды басқару бойынша бөлімше командирлерінің дағдысын жетілдіруге, сонымен қатар, оқып-үйренушілердің мықты моральдық-жауынгерлік және психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп бөлімше командирі подполковник Серік Рамазанов атап өтті.
T. Кіршібаев