БҚО тұрғыны қаруды заңсыз сақтаған. Қару-жарақ мемлекетке өткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала аудандық сотында "Қару-жарақты заңсыз сақтау" бабы бойынша әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы заңсыз түрде 16 калибрлі "ИЖ-17" маркалы бір ұңғылы мылтықты сақтағаны анықталды.
Заңға сәйкес, ұзын ұңғылы атыс қаруы сатып алынған күннен бастап бір аптаның ішінде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында тіркелуі керек.
Сот тұрғынға 20 АЕК немесе 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды, ал аңшылық қару мемлекет меншігіне тәркіленді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!