- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қару сатты, анасын...
Қару сатты, анасын тігінен көмді, 45 миллион алды: Бекболат Тілеухан өзіне қатысты қауесеттерге жауап берді
Экс-депутат, Бүкіләлемдік этно-спорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан өзіне қатысты қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бөлісті.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінен шақырту түскен жоқ. Олар ел айта берген нәрсенің бәріне реакция жасай бермейді ғой. Біріншіден, мен онымен (Медет Мұратпаев - еск.) бетпе-бет жүздестім. Кездескенде "мен сені бірінші рет көріп отырмын ғой" дедім. Ол "Бекболат аға, 2022 жылы қазанда Алматыдағы мейрамханада мен сізге 45 миллион теңге өз қолыммен бердім ғой" деді. Мен тергеушіге "бәрін жазып отсың ба? Жаз!" дедім. Қазір кісіге сенуден қаласың. Түсінікті ғой, ол өз бетімен айтып отырған жоқ, біреудің жұмсап отырғаны. Енді қара. 2022 жылғы наурыз бен 2023 жылғы қаңтар арасында Бекболат Тілеухановтың аяғы Қазақстан топырағын басты ма, басқан жоқ па? Мен ол кезде Қазақстанда жоқпын. Ә дегенде өтірік шығып жатыр. Діннің абыройы деген нәрсе бар. "Мына мұсылмандар не болып кетті?" деп айта ма деп, кейбіреулері күмәндана ма деп, Құран ұстап, "ант етейін, Құдай көріп тұр ғой" дегенде біраз елдің беті қайтты, әйтпесе кейбір туыстарым күмәндана бастады. Жалаға етім үйреніп қалған", - деді ол.
Ол өзіне қандай жалалар жабылғанын айтты.
"Жеті камаз қару сату адамның ақылына сия ма? Нанды ел! "Шешесін тігінен көмді", нанды ел. Нұрлан имам ғана соған ара тұрып берді. Жезқазған өңірінде Нұрлан имамға біреу "Бекболат шешесі жұма күні өлсін деп, басына балғамен қағып қалды, сөйтті де ертеңіне тігінен көмді" деген. Нұрлан имам "мен көрдім, оның шешесін жерледім" деген", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Бекболат Тілеухан Құран ұстап, Kausar Travel-ге қатысы жоғын айтқан еді.
"Жалақорға жауап…! Өзіммен-өзім болып, кітабымды жазып, берелерімді жазбаша түгендеп, бала-шаға, әулеттің қамына ғана көңіл бөліп, намазымды оқып, жасымыз да біразға жетті, басқаның бәрінен бас тартамын деген оймен жүргенмін ғой. Бірақ бүгін осылай елдің алдына шығып сөйлеуге мәжбүр болып отырмын, қажеттіліктен шығып отырмын. Осыған уақытқа шейін талай жала жабылды. Қару сатты деді, анасын өлтірді деді, анасын тігінен көмді деді. Оның немене керегі бар? Ән ұрлады деді, Саудиядан қаржы алды деді, Сирияға кісі жіберді деді. Енді не бар? Біраз жала жапты. Олардың бәріне пәлендей көңіл бөлген жоқпын. Нанар, нанбас, қисынсыз нәрсе. Нанғысы келгендер, нанғандар болды деген сияқты", - дейді Бекболат Тілеухан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек