- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қару-жарақ дүкеніндегі өрт...
Қару-жарақ дүкеніндегі өрт салдарынан тағы екі адам қаза болды - ТЖД
Қару-жарақ дүкеніндегі өрт салдарынан тағы екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ТЖД баспасөз қызметі өрт салдарынан бір адам қаза тапқанын хабарлаған болатын. Өрт ауыздықталғаннан кейін тағы екі адам қаза тапқаны белгілі болды. Олардың денелері үйінді астынан табылған. Қаза болғандар - 20 және 35 жастағы ер адамдар.
Айта кетейік, 3 қыркүйекте өртенген қару-жарақ дүкенінің жертөлесінен ер адамның денесі табылған еді.
Еске салайық, Қостанайда Назарбаев даңғылы, 115 мекенжайында "Оружейная палата" дүкені өртенген еді. Содан кейін өрт "Оңтүстік" қызмет көрсету станциясы мен асхана ғимаратын шарпыған. Сондай-ақ, жақын маңдағы екі автокөлік өрттен зардап шеккен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова