- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қару-жарақ бермей жатқан...
"Қару-жарақ бермей жатқан айуандар". "Вагнер" жасағының басшысы Қорғаныс министрін балағаттап тастады
"Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин бір күнде қаза тапқан әскерилерді видеоға түсіріп, Ресейдің Қорғаныс министрінен қару-жарақ беруін талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жантүршігерлік видео "Осторожно, новости" Telegram-арнасында пайда болды. Видеода Пригожин қаза тапқан әскерилерді көрсетіп, Ресейдің Қорғаныс министрін балағаттап тастаған.
"Бұлар біреудің әкесі, біреудің баласы ***. Қару-жарақ бермей жатқан айуандар тозақта азап шегетін болады. Қару-жарақ 70 пайызға жетпейді. Шойгу, Герасимов ***, қарулар қайда? Мыналарды қараңдаршы ***", - дейді Пригожин.
Оның сөзінше, "Вагнер" жеке әскери компаниясы қару-жарақтың тек 30 пайызын алатын көрінеді.
Еске салайық, бұған дейін "Вагнер" жасағының құрамына қазақстандық студент қосылғаны белгілі болды. Ол мәлімдеме жасаған болатын.
"БАҚ-та Томск мемлекеттік университетінің студенті, яғни мені ұрлап кетті деп жатыр. Шамасы, бұл алаңдап, мазасызданып, мені кез келген жолмен осы жерден алып кеткісі келген анамның әрекетінен шықса керек. "Вагнер" ЖӘК компаниясына өз еркіммен соғысуға, арнайы әскери операцияға үлесімді қосуға келдім. Мен өзімді жақсы сезінемін, ұжым тамаша, өзімді таптым. Маған бұл жер ұнады. Психикалық және эмоционалды тұрғыда жағдайым жаман емес. Тағы да қайталаймын, мені ешкім ұрламады", - деді Бекенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина