Қарттар үйінде адамдар қамалып қалған: су тасқынынан 60 адам қаза тапты

Бейжіңде су тасқынынан 60 адам қаза тауып, 9 адам іс-түзсіз жоғалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Қытай астанасы Бейжіңдегі су тасқыннан қаза тапқандардың саны 60 адамға жетті, тоғыз азамат іс-түзсіз жоғалғандар қатарында. Нөсер жауында қарттар үйінде қамалып қалған 31 тұрғын көз жұмған. Көпірлер бұзылып, ғимараттар қирады.

Тасқын кезінде  қарттар үйінде 77 қарт адам болған, оның шамамен 40-қа жуығы су екі метрге дейін көтерілгенде сыртқа шыға алмай қалған. Көршілес Хэбэй аймағында да жауған нөсерден 16 адам қаза тауып, тағы 18 азамат із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қазір қаланың солтүстігіндегі Миюнь ауданынан үш мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Бүгінде ел басшысы су тасқынының алдын алу және апат салдарын жою жұмыстарын күшейтуді тапсырған. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, олар климат апатының ауқымын жеткілікті бағаламаған. Сонымен қатар, төтенше жағдайға дайындықта кемшілік кеткенін мойындап отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!