- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Егде жастағы адамдар
Қарттар неліктен жалғыздықтан ауырады? Психолог түсіндірді
Әлемдегі 65 жастан асқан егде жастағы адамдардың төрттен бірі өзін жалғыз сезінеді. Өйткені олардың жақындары мен достары қайтыс болған. Ал ұзақ уақыт бойы жалғыз болып, сыртқы әлемнен оқшаулану депрессия, мазасыздық және басқа да ауыр проблемаларға әкеп соқтырады. Психолог Всеволод Сазонов мұның алдын алу үшін жақыныңызға қалай көмектесу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru-ға" сілтеме жасап.
"Жалғыздық егде жастағы адамдарда жүрек ауруы мен инсульт қаупін жоғарылатады. Адам өзін жалғыз сезінгенде, күйзеліске ұшырайды. Мұндай кезде инсульт ықтималдығы 32 пайызға, жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуы 29 пайызға артады", - деп түсіндірді ол.
Жақыныңызға көмектесудің ең оңай жолы - қоңырау шалып, қонаққа келу. Егер бұл сіздің қолыңыздан жиі келмесе, заманауи технологияларды қолдануға болады. Мысалы, жақындарыңызды әлеуметтік психологиялық желіні қолдануға үйретіңіз, онда олар өзімен әңгімелесетін адамдарды табады.
"Статистикаға сәйкес депрессия - егде жастағы адамдар арасында жиі кездесетін психикалық аурудың бірі. Әлеуметтік оқшаулану кезеңінде адамдар төсектен тұрғысы келмейді, өйткені олар жаңа күн бастаудың қажеті жоқ деп санайды. Жұбайынан айырылған, барлық баласы ержетіп, бөлек кеткенде, олар өзін қажетсіз сезінеді. Жақыныңыздың өзін сүйікті сезінетініне көз жеткізіңіз. Сондықтан іс-әрекетке тартыңыз. Мүмкін, төсектен тұруға және үйден шығуға себеп болатын үй жануарын сатып алу керек шығар", - деді психолог.
Психологтың айтуынша, әр адамда өмірге деген ырық бар. Бірақ егде жастағы адамда, мысалы, мақсаты болмаса, өмір сүруге деген ерік-жігерін жылдам жоғалтуы мүмкін.
"Кез келген адамның жасына қарамастан, достары мен мақсаты болуы керек. Достарыңыз бен отбасы мүшелеріңізді белсенді болу үшін қоғамдық шараларға тартыңыз. Олар мұндай іс-шараға неғұрлым көп қатысса, олардың өмірі соғұрлым ұзақ және қуанышқа толы болады", - деді ол.
Кейбір егде жастағы адамдарда үйден шыққан кезде мазасыздық деңгейі жоғары болуы мүмкін. Сондықтан олар үйде қалуға тырысады.
"Жақыныңыздың үйде бірнеше күн немесе апта қатарынан отыруына жол бермеңіз. Ол үшін сыртқа, күнге шығып, таза ауамен тыныс алу маңызды. Егер бұл көмектеспесе, онда психолог көмегіне жүгініңіз", - деп кеңес берді сарапшы.
Бәрімізге дұрыс ұйқы қажет - әр түнде 6-7 сағат. Дегенмен адам қартайған сайын аз ұйықтайтыны белгілі. Бірақ адам күйзеліске, мазасыздыққа, медициналық мәселелерге және жалғыздыққа тап болған кезде жағдай одан әрі нашарлауы мүмкін. Егер адам жеткілікті демалмаса, бұл олардың денсаулығына кері әсер етеді. Мысалы, иммунитет төмендейді.
"Егде жастағы ата-анаңыздан олардың қалай ұйықтайтыны туралы жиі сұраңыз. Егер олар жеткілікті демалмаса, мәселені шешуіңіз керек. Мысалы, ұйықтар алдында медитация әдістерін қолдануды ұсынуға болады. Жақыныңызбен жылы қарым-қатынас орнатуға, оған дос табуға, қоғамда белсенді болуға және күн сайын асыға күтетін іс-әрекетке шақыру маңызды", - деп ұсынды маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә