Қарттар күніне орай Нұр-Сұлтан зейнеткерлеріне бірреттік төлем беріледі

Қазақстанда 1 қазан – Қарттар күні. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жыл сайын бұл мерекеге орай зейнетке шыққан нұр-сұлтандықтарға бірреттік ақшалай төлем береді. 2019 жылы бұл сома 6313 теңге болды.

Төлмеді Нұр-Сұлтанның Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін береді.

Басқарма төмендегі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана бұл төлемді кедергісіз бере алады. Олар:

"Альфа-Банк";
"АТФ Банк";
"Центркредит банкі";
"Еуразиялық банк",
Jýsan Bank (Цеснабанк);
Halyk Bank;
"Нұрбанк";
"Сбербанк",
ForteBank.

Төлемді "Қазпоштадан" да алуға болады. Зейнеткердің басқа банкте шоты болса, осы банктердің бірінен шот ашуы керек. Одан кейін Басқарма 20 таңбалы шот ашу туралы анықтаманы Достық көшесі, 13, Нұрсая 2 ТК мекенжайы бойынша әкелуді сұрайды.

Анықтама телефондары:

Алматы ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22;
Есіл ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34;
Сарыарқа, Байқоңыр ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.