- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарттар жүрек саулығы...
Қарттар жүрек саулығы үшін қандай тәтті жеу керек?
Қарт адамдар тәтті тағам жегісі келсе, өрікқақ, шоколад, халуа және піскен алма жегені жөн, өйткені осы тағамдар жүрек саулығына оң әсер етеді. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.
Оның айтуынша, өрікқақтың құрамында калий бар, ол жүректің қалыпты жұмыс істеуі және қысымның төмендеуі үшін қажет, жаңғақ халуасында қабынуға қарсы әсері бар омега-3 май қышқылдары бар. Сонымен қатар жаңғақтарда аргинин аминқышқылы бар, ол тамыр құрысуының алдын алуға көмектеседі.
"Қара шоколадта полифенолдар бар, олар жүрек-қан тамырлары жүйесіне жақсы әсер ететін күшті антиоксиданттар. Сондай-ақ өнімде магний бар. Ол тыныштандырады, кездейсоқ стресс кезінде қысымның көтерілуіне жол бермейді", - деді Елена Соломатина.
Дәрігер егде жастағы адамдарға қылтамыр мен жүректі нығайту үшін қажетті калий мен кверцетині бар даршын қосылған алма пісіруге кеңес береді. Даршын инсулинге төзімділікті төмендетуі мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә