- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Картоптың пайдалы қасиеттерін...
Картоптың пайдалы қасиеттерін сақтау үшін қалай пайдалану керек?
Картоптың пайдалы қасиеттерін сақтау үшін оны дұрыс тұтыну маңызды. Ғалымдардың айтуынша, картопты бұқтырып пісіргенде ең пайдалы қасиеттері бойында сақталады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
РосБиоТех университетінің биотехнология және биоорганикалық синтез өнімдері технологиясы кафедрасының меңгерушісі Дмитрий Куликов картопта С дәруменінің тәуліктік нормасының 30 пайызы болатынын айтты. Бұл туралы Lenta.ru басылымы жазды.
Сонымен қатар картоп В тобының дәрумендерін, ақуыздың синтезі мен кальцийдің сіңуіне қажетті К дәруменін, темір мен жүрек үшін маңызды калийді қамтиды.
Картопты күнделікті тамақ рационында тұтыну адамның жұмыс қабілетін және төзімділігін көбейтеді. Картоптың құрамындағы А, В және С дәрумендері коллагеннің түзілуіне оң әсер етіп, қартаю үдерісін баяулатады. Ал Е дәрумені тері астындағы тіндерге оттегінің жеткізілуіне көмектеседі.
Картопта нуклеин және амин қышқылдары бар, табиғи қанттарға толы. Картоп шырынынан жасалған маскалар, компрестер немесе денені сүрту тері жағдайына жақсы әсер етеді екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева