Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Tengrinews сайтының тілшісіне берген сұхбатында кейде азық-түлік алуға өзі баратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеунік бағаларды салыстыратынын айтты.
"Неге? Жоқ. Мен кейде азық-түлікке өзім баруға тырысамын. Мен барлық жерде қажет заттарды сатып ала беремін. Үйдің жанындағы дүкенде, супермаркетте, базарда. Бұл жағдайда мен бағалар мен өнімді салыстыратыным бар. Мысалы, картоп 120 теңгеден, 140 теңгеден бар. Сары май 4000 теңгеден, ал өзіміздің Осакаровкада шығарылатын майдың бір келісі 2500 теңгеден сатылады", - дейді әкім.
Сондай-ақ, өңір әкімі қымбатшылыққа қатысты да пікір білдірді.
"Бағалардың айтарлықтай өскені рас. Бірақ бұл - нарық, мұнда бағаны реттеу мүмкін емес және қажет емес. Біз бәсекелестік ортасын қалыптастырып, көптеген фирмалар мен өндірістердің ашылуына жағдай жасауымыз керек. Мысалы, бізде сүт өнімдерін шығаратын үш ірі компания бар. Оларға шикізат жетіспейді. Біз оларды шикізатпен қамтамасыз ету үшін сүт фермаларын салуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз бағаға әсер ете аламыз", - деді ол.
Қарағанды облысы басшысының сөзінше, орынбасары дүкен-базарлардағы бағаны салыстырып отырады.
"Не үшін? Дәлірек айтқанда, оның не қажеті бар? Мен үшін супермаркеттер бағаны өзгерте ме? Жоқ, әрине. Мысалы, мен облыс әкімдігінен шығып, үйге барар жолда айран сатып аламын. Немесе жақында қала әкімімен бірге жұмыстан кейін азық-түлік сатып алуға бардық. Бағаларды салыстырдық. Тауарларды көрдік. Не бар, не жоғын көрдік. Негізі, аптасына бір рет менің орынбасарым дүкендерге, базарларға барып, бағаларды салыстырады", - деді шенеунік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!