Дәрумендерді денсаулық эликсирі деп ойлау қате. Дегенмен олар жалпы денсаулықты және хал-жағдайды жақсарта алады. Қартаю процесін бәсеңдету үшін рационға мына 3 дәруменді қосыңыз.
С дәрумені жайлы естімеген адам жоқ шығар. Ол жасушалар қартаюын баяулататын, бос радикалдарды бейтараптандыратын күшті антиоксидант болып келеді. Сондай-ақ С дәрумені тамырлар мен күретамырларды тазартуға ықпал етіп, қан тамырлар жүйесін сауықтырады. С дәрумені коллаген түзілуіне ықпал етеді. Сондықтан ол әжімдермен күресіп, теріні серпімді етеді.
Дәрумендерді табиғи жолмен алу үшін рационға түзетулер енгізіңіз. С дәрумені көпшілік ойлайтындай цитрустыларда емес, болгар бұрышы, қызыл бұрыш және жебірде (тимьян) көп. Тәулігіне осы өнімдердің бірінің 35 грамын жеу жеткілікті.
Е дәрумені — жасушаларды бос радикалдардан қорғайтын күшті антиоксидант. Е дәрумені қанайналымды ынталандырады және ұйыған қан түзілуінің алдын алады, қан қысымын ретке келтіреді, иммунитетті жақсартады. Е дәрумені когнитивті функциялардың төмендеуімен күреседі. Бұл қартаюмен күресуде өте маңызды. Ол бадам жаңғағында, шемешкіде және паприкада мол. Күніне бұл өнімдердің бірінің 70 грамын жеу жеткілікті.
А дәрумені жасушалардың өсуі және қалпына келуі үшін маңызды. Ол сүйектерді қатайтады және көз саулығына пайдалы. А дәруменнің тері үшін маңызы зор. А дәрумені коллаген түзілуіне ықпал етеді, сондықтан да ерте әжімдер шығуын болдырмайды. Ағзаны А дәруменімен қамтамасыз ету үшін күніне 30 г батат (тәтті картоп) немесе 7 г бауыр жеңіз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз