"Қартаяйын дедім бе?" Сәкен Майғазиев ән тыңдап отырып, жылап қалды

"Қартаяйын дедім бе?" Сәкен Майғазиев ән тыңдап отырып, жылап қалды
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Танымал әнші Сәкен Майғазиев отандық тележобаның бірінде ән тыңдап отырып, жылап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің көзіне жас алғаны бейнеленген видео әншінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Қартаяйын дедім бе, көңілшек болып алыппын. Мына балапаным мені бір жылатты. Кіп-кішкентай болып Тұманбай атасының сөзіне жазылған, Нұрғиса атасының асыл қазынасын жүрекпен орындауын айтсаңшы", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі қандай?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә