Инсульт - мидағы қан айналымының жедел бұзылып, салдарынан органның зақымдалуы. Инсульт алуға көбінесе егде жастағы адамдар сезімтал келеді. Кардиолог Анна Бирюкова қарттарға инсульт алу қаупін қалай азайтуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известияға" сілтеме жасап.
Инсульттің ишемиялық және геморрагиялық екі түрі бар. Ишемиялық инсульт мидың белгілі бір бөлігіне қан ағымының қиындауы немесе толық тоқтауы аясында пайда болады. Ал геморрагиялық инсульт ми тінінде қан кету кезінде пайда болады.
"Инсульттің дамуына әртүрлі фактор әсер етеді. Олар екі топқа бөлінеді. Әсер етпейді: жыныс (ер адамдарда инсульт қаупі жоғары), генетикалық бейімділік және жас. Әсер ететін фактор көбірек, олар: гипертония (жоғары қысым), жаман әдеттер (темекі шегу және алкоголь), отырықшы өмір салты, артық салмақ және кейбір аурулар", - деп атап өтті маман.
Оның айтуынша, инсульт алу қаупін азайтуға көмектесетін ең маңызды фактор - қартайған кезде белсенді өмір салтын сақтау. Аптасына бес күн 30 минуттан қалыпты спортпен шұғылданған жөн. Егде жастағы адамдар үшін әдеттегі серуендеу, скандинавиялық серуендеу, жүзу сияқты белсенділік те көмектесе алады.
"Әрине, теңдестірілген және пайдалы диета да өте маңызды. Қанықпаған майларға бай тағамдарды қызыл балық, авокадо, жаңғақтар секілді өсімдік майларымен алмастырып, қаныққан майлары бар тағамдарды шектеу керек. Қарақұмық, жабайы күріш, булгур, кускус және басқалары май мен көмірсулар алмасуына пайдалы. Сонымен қатар көкөністер мен жемістерге бай талшықты жеткілікті мөлшерде тұтыну маңызды", - деді дәрігер.
Сондай-ақ Анна Бирюкова гипертониясы бар адамдарға ас тұзын күніне 1 шай қасықтан артық тұтынбау керегін ескертті. Ас тұзы көптеген дайын өнімде көп мөлшерде болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, сондықтан оны да бақылау қажет.
"Егде жастағы адамдарға қан қысымын қалыпты ұстау өте маңызды. Егер қан қысымы жоғары болса, оны біртіндеп төмендетіңіз, өйткені оның күрт төмендеуі ишемиялық инсульт түріне байланысты цереброваскулярлық бұзылуды тудыруы мүмкін", - деп атап өтті маман.
Сонымен қатар дәрігер егде жастағы адамдарда артериалды фибрилляция жиі кездесетінін алға тартты. Оның ұзақ мерзімді пароксизмдері жүректе қан ұйығыштарының пайда болуына әкеп соқтырады, бұл ишемиялық инсультті де тудыруы мүмкін.
"Осыған байланысты жүрекшелердің фибрилляциясы жедел емдеуді және қан ұюына кедергі келтіретін антикоагулянттарды - препараттарды тағайындау үшін көрсеткіштерді нақтылауды қажет етеді", - деп қорытындылады кардиолог.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!