- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарт адамдарға қауіпті...
Қарт адамдарға қауіпті жаңажылдық тағамдар айтылды
Егде жастағы адамдар жаңа жылда және басқа күндері майлы, ысталған шұжықтар мен майонезі көп салаттардан бас тартқаны дұрыс, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Дәрігер Ольга Ткачева жаңа жыл қарсаңында майлы, ысталған шұжықтар мен майонез қосылған салаттарды шамадан тыс жеу қарт адамдар үшін аса қауіпті екенін айтады. Бұлар жедел панкреатит пен гастрит тудыруы мүмкін екен.
Ткачева зиян тағамдардан мүлдем бас тартпауға, оларды аз мөлшерде жеуге кеңес берді.
"Жаңа жылда қарт адамдар әртүрлі дәмді тағамдарды жесе болады, бірақ шамадан тыс болмауы керек. Себебі, бұл тағамдар жақсы жаңа жылдық көңіл күй тудыратыны сөзсіз", - деп қорытындылады дәрігер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова