Қарсы келе жатқан көлікке соқтығысқан: Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Оқиға 6 шілдеде Шалқар ауданының аумағында, Самара-Шымкент тасжолының 1235-шақырымында болған.

"Hyundai Sonata автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғаны хабарланды.

@POLICE_of_KZ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!