"Қарсы емеспін". Еркін Нұржанов тоқал алуға қатысты ойын айтты

Танымал әнші Еркін Нұржанов тоқал алуға қатысты ойын білдірді. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында "Еркін Нұржанов тоқал алуға қарсы емес екенін айтты. Рас па, өтірік пе?" деген сұрақ қойылды.

"Рас. Үнемі айтып жүремін. Аламын деген жоқпын, қарсы емеспін дедім", - дейді ол.

Айта кетейік, Еркін Нұржанов 2014 жылы екінші рет шаңырақ көтерген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!