Ninety one тобының мүшесі, Bala лақап атымен танылған Данияр Құлымша журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында мұрнына жасаған операция туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы 25 жасыма дейін мұрнымның пішіні қисық болды. Бұл кішкентай кезімнен үлкен бір арманым болды. Өйткені пішіні қисық болған соң ауа алмасу дұрыс жүрмеді және де ән айтуға кедергі болатын, оттегі жетіспеу сияқты мәселелер мазамды алып қоятын. Операциям сәтті өтті, дәрігер бәрі керемет өтті деп айтты, мен қуандым, уақыт өтті, бәрі емделіп кетті", - деді ол.
Ол бұған дейін дискомфортпен өмір сүргенін, операциядан кейін өзін жеңіл сезінетінін айтты.
"Менің есімде бір-ақ сәт бар. Өте кішкентай кезімде Ақтөбеде кішігірім аулада кәріс баламен төбелесіп қалдым, өзім де кішкентай едім, онымен жастымын. Сөйтіп төбелесіп жатып құладым, ол менің мұрнымнан ұра берді, ұра берді. Өте көп қан болғаны есімде. Содан болуы мүмкін деп ойлаймын. Біраз жыл өткен соң емдеуге апарғанда аденоид, аденома, ісік деді, неше түрлі айтты, емдеп көрдік, онымен болмады. Өсе келе, осы Алматыға көшіп келгеннен кейін біраз жылдан соң лорға барып тексерілген соң пішінін түзеу керек деді. Бұл үшін 23 жасқа толуың керек деді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!