- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талғардағы жанжал
“Қарныңды ақтарамын!“. Көшеде жанжалдасқан екі ер адам Талғар полициясына жеткізілді
Талғардағы жанжалды оқиғаның қатысушылары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талғар ауданының полиция қызметкерлері видеоға түсірілген адамдарды жедел анықтап, заң шеңберінде қажетті шаралар қабылдағаны айтылды.
"37 және 31 жастағы аудан тұрғындары жауапкершілікке тарту үшін полицияға жеткізілді. Жанжалдың себебі туыстар арасындағы дау болған - әйелдің ағасы мен күйеуі арасында жанжал туындаған, ал әйел оларды ажыратуға тырысқан. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылар бір-біріне шағымдары жоқ екенін айтты, жағдай реттелді", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда екі ер адамның жанжалы видеоға түсіп қалғаны туралы хабарланған болатын.
Куәгерлердің айтуынша, олардың бірінің қолында пышақ болған. Ол қарсыласына: "Қарныңды ақтарамын!" деп айқайлаған.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан