Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты", – деп жазды ол инстаграм-парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдағаны хабарланған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!