Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық беруді Жоғарғы сот шешпейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде Кәрім Мәсімовке қатысты істер Жоғарғы сотқа түспеді. Рақымшылық мәселесін сот шешпейді", - деді Назгүл Рахметуллина Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысынан соң.
Еске салайық, бұған дейін Қаңтар оқиғасына байланысты 18 жылға сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына рақымшылық жасау туралы өтінішхат жолдаған еді.
Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасында 238 адам көз жұмды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!