- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кәрім Мәсімов жазасын...
Кәрім Мәсімов жазасын өтеп жүр ме? Министр жауап берді
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздің комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан министрге "Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр? Ол емін-еркін бір іс-шарада жүр деген ақпарат бар. Бұл мәлімет қаншалықты шындыққа жанасады? Ол қайда? Неге оның жазасын өтеп жатқаны туралы видео, фото жоқ?" деген сұрақ қойылды.
Ержан Сәденов сотталған экс-төрағаның құқығы бар екенін, ол жазасын өтеп жатқанын атап өтті.
"Ол сотталған, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. (Кәрім Мәсімовты) неге көрсетуіміз керек? Колонияға кірудің өз рәсімі бар. Адам құқығына қатысты бюро бар", - деді министр.
Айта кетейік, былтыр 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған еді. Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған.
Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz