- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаржыңыздың артуына кедергі...
Қаржыңыздың артуына кедергі келтіретін 5 зиянды әдет
Қаржылық жағдайды жақсарту үшін кей зиянды әдеттерден арылу керек.
Шығындар жоспарын жасамау
Ұзақмерзімді және қарапайым мақсаттар үшін өз жалақыңызды 5 конвертке бөліңіз: міндетті шығындар, резервтік қор, қомақты бірдеңе сатып алу, ойын-сауық пен кафе, даму мен инвестиция.
Ойланбастан бірдеңе сатып алу
Дүкеннен бірдеңе көріп қалып, сатып алғыңыз келсе, бірден сол кезде алмай, өзіңізге ойлануға бірнеше күн беріңіз. Әдетте, келесі күні ол ойыңыздан айнып қаласыз.
Үнемдемеу
Өзіңіз үшін кішкентай болсын, үлкен болсын мақсаттар қойыңыз және оған аздап боса да ақша жинаңыз. Ақшаны аз-аздан болса да жинаңыз. Мысалы, дүкеннен азық-түлікті 4400 теңгеге алсаңыз, 600 теңгені жинауға салып қойыңыз. Сондай-ақ үнемдеудің жолдарын қарастырыңыз. Мысалы, егер уақытыңыз болып тұрса, таксимен емес, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз. Тамақ істеуге уақытыңыз болса, сырттан емес, үйден дайындап әкеліп ішіңіз.
Көңіл күйді бірдеңе сатып алу арқылы көтеру
Кейде адамдар көңіл күйін көтеру үшін шоппинг жасайды. Алайда оның әсері аз ғана уақытқа созылады. Сондықтан көңіл күйіңізді көтерудің басқа әдістерін байқап көріңіз. Бірдеңе сатып алғыңыз келсе, алдымен ойланыңыз: сіз бірдеңеге ренжулісіз бе?
Кірістер мен шығындарды бақыламау
Өз бюджетіңізді түсінудің ең жақсы жолы – бірнеше ай бойы кірістер мен шығындарды бақылау. Ол үшін сізге арнайы қосымшалар көмектесе алады.
Еске салайық, психолог үйде көңіл күйіңізді түсіретін заттарды атаған болатын.
А. Жапатова