- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаржы пирамидасына ақша...
Қаржы пирамидасына ақша құйған қазақстандықтарға 123 миллион теңге қайтарылды
B2B Jewelry қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 миллион теңге қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті B2B Jewelry зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты соталды тергеуін аяқтады.
Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Ведомство мәліметінше, қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина