БАҚ-та Ұлттық қордың кірісі теріс мәнге ие болғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға 6,4 триллион теңге түскен, оның ішінде мұнай секторының түсімдері - 4,6 триллион теңге және инвестициялық кіріс - 1,8 триллион теңге.
"2023 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 4,1 триллион теңге бағытталды. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың таза түсімдері 2,3 триллион теңге болды. Нәтижесінде 2023 жылы Ұлттық қордың активтері 26,8 триллион теңгеден 29,1 триллион теңгеге дейін өсті", - деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар бірқатар БАҚ-та 1,3 триллион теңге с ҰК" АҚ акцияларын сатып алуға жұмсалғаны жазылды.
"Бұл - қате тұжырым, себебі Ұлттық қордың 1,3 триллион теңге мөлшеріндегі қаражаты жұмсалған жоқ, "ҚазМұнайГаз" акцияларына инвестицияланды, яғни мұны Ұлттық қордан қаражат алу деп қарастыруға болмайды.
Ұлттық қор қаражатын "ҚазМұнайГаз" акцияларына, басқа да қаржы құралдарына орналастыру 2030 жылға дейінгі ҚР Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасына және Ұлттық қор активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
Нәтижесiнде Ұлттық қордың портфелiнде "ҚазМұнайГаз" акциялары пайда болды, олардың акциялары Қазақстан эмитенттерiнiң құнының өсуi тұрғысынан да, дивидендтiк төлемдердiң едәуiр көлемi тұрғысынан да тұрақты кiрiстiлiктi көрсететiн неғұрлым өтiмдi бағалы қағаздарының бiрiне айналды", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!