- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаржы министрлігі қазақстандық...
Қаржы министрлігі қазақстандық блогерлер қандай салық төлейтінін айтты
Қазақстанның қаржы министрлігі елдегі блогерлер қандай тәртіппен салық төлейтіні туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы stan.kz сайты жазды.
Әлеуметтік желілер арқылы табыс табатын блогерлерге салық салу қалай жүргізілетіні туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті арнайы салық режимдері басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген мәлімет берген. Оның айтуынша, интернет-платформаларда жұмыспен қамту аясында жеке тұлғалар 33 қызмет түрімен айналыса алады. Бірақ аталған әлеуметтік кодексте белгіленген интернет-платформа ұғымында әлеуметтік желілер тіркелмеген. Осыған байланысты блогерлер қазір мемлекеттік кірістер комитетінің құзырында емес екен. Алайда бұл блогерлер салықтан жалтарып кетеді деген сөз емес. Ерқанат Шынберген блогерлердің барлығы жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін айтады.
"Бұл жерде кіріс интернет-платформаның өзінен емес, жарнама берушілерден келеді. Қазір бұл мәселе де реттеліп, блогерлерге сараптама жасалып жатыр", – деді министрлік өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева