- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаржы министрлігі бюджеттің...
Қаржы министрлігі бюджеттің қандай бағаммен бекітілетінін әлі білмейді
Фото:
tn.kz
Қазақстан қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің қандай бағамына қатысты бекітілетіні туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз қазір бюджет параметрлерін талқылап жатырмыз. Біз әлі валюта бағамын талқылап жатырмыз. (...) Біз қазір теңге бағамының қандай болатынын талқылап жатырмыз", – деп жауап берді Сұлтанов журналистердің сұрағына.
Бюджеттің қай бағаммен есептелетіні қашан белгілі болады деген сұраққа ол: "Дүйсенбі белгілі болады", – деп жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің тұрақсыз бағамына байланысты бекітілмей отырғаны туралы айтылды.
М. Бисембаева