- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаржы министрі Жамаубаев...
Қаржы министрі Жамаубаев өзі қол қойған құжатты журналистерге түсіндіріп бере алмады
Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистерден қашып, құжатқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ерұлан Жамаубаев пен журналистер арасындағы дау қаңтар айында талқылауға шыққан құжатқа байланысты туындаған.
Бұл құжат бойынша Қазақстанда енді шетелден, халықаралық ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан қаржы алатын жеке және заңды тұлғалар туралы деректер ашық жарияланады.
БАҚ өкілдері шенеуніктен мұның не себепті керек болғанын сұраған.
Алайда Ерұлан Жамаубаев бұл өзгеріс туралы сұрақтарға жауап бере алмаған.
Журналистер "Блогерлер, журналистер, шетелдік мекемелерден қаламақы алатын қоғам қайраткерлері мемлекеттік кіріс органдарына есеп беруі керек пе?" деп сұрады. Министр бұл тек заңды тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдарға қатысты деп жауап берді.
Алайда министр басқа сұрақтарға жауап беруден бас тартып, журналистермен қоштасып, Сенат залынан шығып кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан