Қаржы министрі: “биылғы бюджеттің кірісі - 17,3 трлн теңге“

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге болған. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түскен. Министрдің сөзінше, жоспар 97,3%-ға орындалған, бұл былтырмен салыстырғанда 116%-ға немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

"Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салық түседі, бұл 6,8 трлн теңге көлеміндегі тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды", - деді Мәди Такиев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!