- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қариялар тәулік бойы...
"Қариялар тәулік бойы үйден шыға алмай отыр". Көкшетауда қоғамдық кеңес мүшесі жалаңаяқ су кешті
Көкшетауда тұтас көше өзенге айналды. Қала белсендісі Мәлік Ахметқалиев жалаңаяқ су кешіп, биліктен жағдайға назар аударуын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еріген қар суының қарқыны соншалық - Хамит Ерғалиев көшесі тұтастай өзенге айналып шыға келген. Көше бойындағы бірнеше тұрғын үйдегі қариялар да тәулік бойы үйлерінен шыға алмай қалған. Тіпті дүкенге барып қайту ауыр мұңға айналыпты.
Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың жұмысын сынға алған. Ол әкім Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың су тасқынына қарсы тапсырмасын орындамағанын жеткізді.
"Мынау - нағыз өзен. Ақпанда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов барлық аймақтағы әкімдерге су тасқынына қарсы әзірлікке сақадай сай болуды шегелеп тапсырған. Алайда облыс әкімі бұл тапсырманы орындамай, есесіне қарияларды туған күндерімен құттықтап жүр. Ана тұрғын үйде қариялар үйлерінен шыға алмай, тәулік бойы қамауда отыр", - дейді Мәлік Ахметқалиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Дәулет Жүнісовпен сөйлескен. Әкім орынбасары бұл жерге құм қапшықтары төселгенін жеткізген.
Тұрғындардың айтуынша, көшенің ағын суға толуы биыл алғаш рет болып отыр. 2019 жылы дәл осы уақытта Көкшетау мен Красноярды су басқанда бұл көшеге түк болмаған.
Абзал Алпысбайұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова