Әлеуметтік желіде қария қолына балта алып, жанындағы адамды балағаттап, ұрып жатқан видео тарады. Полиция департаменті өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасаөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 16 қарашада кешке Талғар ауданы полициясының кезекші бөліміне 63 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Зейнеткер құрылыс материалдарын ұрлап әкеткен белгісіз адамға қатысты шара қабылдауды талап еткен.
Осы шақырту бойынша келген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнынан 46 жастағы ер адамды ұстап, аудандық полицияға жеткізген.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы бойынша СДТБТ-да ресми тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!