- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қарғап-сілеп отырады". Құдайберген...
"Қарғап-сілеп отырады". Құдайберген Бекіш өнер адамдарын жақтырмайтындарға жауап қатты
Әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құдайберген Бекіш "Мархабат" телебағдарламасына берген сұхбатында өнер адамдарын жақтырмайтындарға жауап қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік желі қолданушылары тым негативті болып кеткен.
"Қазір әлеуметтік желіде бірнәрсе қылт етсе, қазақ халқы бір-біріне жаман сөздер жазып, ұрсысып жатады. Жас бала болсын, 50-60 жастағы ересек болсын. Сондай-ақ, олар көбінесе өнер адамдарын қарғап-сілеп отырады. Мен мемлекеттен ақша алып, я болмаса мемлекет маған ән жазып, кеш ұйымдастыруға, киім сатып алуға ақша беріп жатқан жоқ. Біз өз нәпақамызды өзіміз тауып жүрген адамдармыз. Мысалы, тойға шақыратын адам ол өзі шақырады, шақырмаған жерде сен бармайсың ғой. Сені тойға шақырғанда ол адам сені қалап тұр деген сөз. Сондықтан тойға бармайтын әншілер болмайды, шақырып жатса, болады. Кезінде Ақан сері, Майра, Біржан сал, ақынның көпшілігі тойға барған. Бұл қазақтың менталитеті. Біз балаға да қуанамыз, үйге келін түссе де қуанамыз, сүндет той мен тұсаукесерге де қуанамыз. Біз қуанышты бөлісетін халықпыз, біз оны той арқылы жеткіземіз. Бүгінде "той әншісі" деген танымал үрдіс бар. "Той әншісі" деп бөлетіндердің өзі тойдан шықпайды. Әнді "тойский" деп бөлуге болмайды. Әншінің тек ән кешіне арналған әні бар, жеке ішкі дүниені жеткізетін әндері де бар", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көлдегі су температурасының өзгеру кезеңдері қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә