Қарапайым өмір салтын өзгертудің өзі жүрек жұмысын айтарлықтай жақсарта алады. Бұл әдіс туралы Саар университетінің ауруханасындағы кардиология, ангиология және реанимация клиникасының директоры және неміс кардиология қоғамының өкілі Михаэль Бём айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1. Темекі шегуден бас тартыңыз. Сарапшының айтуынша, бұл зиян әдеттен бас тарту өте қиын болғанымен, бұл шарттың бірі.
2. Өміріңізге шағын белсенділік қосыңыз. Лифттің орнына баспалдақты таңдаңыз, ұзақ телефонмен сөйлескен кезде орындықта отырмай, бөлмеде ары-бері жүріңіз.
3. Күніне екі рет 15 минуттан қарқынды жаттығу жасаңыз. Мұндай белсенділік кезеңі жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін 15 пайызға төмендетеді. Қарқынды серуендеу, қысқа велосипедпен жүру немесе стационарлық велосипедпен жаттығу да жеткілікті.
4. Егер сіз теңдестірілген диетаны ұстансаңыз, сізге фаст-фуд жеуге де рұқсат етіледі. Кардиологтың айтуынша, аптасына бір рет гамбургер жеу жүрек ауруының қаупін арттырмайды.
5. Холестерин деңгейі мен қан қысымын үнемі тексеріп отырыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін адамда жасырын жүрек ұстамасы бар екенін көрсететін 5 белгі хабарланған болатын.
Жақтың ауыруына жиі стоматологиялық проблемалар әсер етеді. Бірақ кейде ол қауіпті аурулардың, соның ішінде жүрек ұстамасының дамуын білдіруі мүмкін. Егер ол жасырын жүрек ұстамасының белгісі болса, онымен бірге мына белгілер де білінуі мүмкін:
Тағы да оқи отырыңыздар: Көз неге қарауытады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!