Кардиолог ұзақ өмір сүруге көмектесетін жұмыс кестесін атады

Кардиолог ұзақ өмір сүруге көмектесетін жұмыс кестесін атады
Фото: Коллаж: depositphotos.com

Кардиолог Юрий Конев адамның ішкі сағаттарына сай келмейтін жұмыс кестесін сақтайтындар азырақ өмір сүретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі News.ru-ге сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, бұл бір күнге немесе бір аптаға жоспар құратын адамдарға қатысты.

"Қатаң режимге қатысы жоқ еркін мамандық иелері ұзақ өмір сүретіні бұрыннан белгілі. Біз қандай принцип бойынша өмір сүреміз? Ұйқыдан оянған бойда күніміз жоспарланып тұрады, кейде тіпті бүкіл апта ойластырылып қойылған. Ішкі сағаттарына сәйкес келмейтін осындай кестемен жүретін адамдар аз өмір сүреді", - деп түсіндірді кардиолог.

Маманның айтуынша, ұзақ өмір сүру үшін адам қалаған нәрсесін жасау керек және ұйқыдан өзіне ыңғайлы уақытта тұру керек. Шектеу жас ерекшелігіне ғана байланысты болуы керек.

"Адам мынадай принциппен өмір сүруі керек: ол қалаған кезде оянуы, қалаған кезде ұйықтауға жатуы және қалаған нәрсесін жасауы керек. Шектеу жас ерекшелігіне ғана байланысты болуы керек. Еркін мамандық иелері, әдетте, қатаң кестеге байланған адамдарға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді", - дейді дәрігер.

Кардиолог сондай-ақ жастықты физикалық белсенділік пен үйлесімді тамақтану созатынын айтты. 

Оқи отырыңыз: Әйелдер арасында ең көп тараған қатерлі ісік жайлы не білу керек?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова